#Қостанай
САНАЛЫ АТА-АНА – БАҚЫТТЫ БАЛА

«Сенімен Болашақ» РҚБ Қостанай  облыстық  филиалы Автомобиль көлігі колледжінің ата-аналарына семинар ұйымдастырды.

Семинар барысында филиал психологы Базаркүл Қапарқызы «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында сөз қозғады. Баланы тәрбиелеу, қоғамның сапалы мүшесі етіп өсіру ата-ананың ардақты борышы. «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер» демекші отбасында әке мен ананың өзіндік орны мен рөлі бар.  Зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін  алдымен ата-аналардың назарын балаларға қамқорлық жасауға, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеуге аудару қажет.  Базаркүл Қапарқызы қатысушыларды толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Кері байланыс кезінде ойларын айтқан ата-аналар бала қандай жағдайға түссе де оны ашық әңгімеге тарту – кесе көлденең келген проблеманың алдын алады деген түйінмен тарқасты.

                                                                         «Сенімен Болашақ» РҚБ баспасөз қызметі

12.11.2023
#Қостанай
САНАЛЫ АТА-АНА – БАҚЫТТЫ БАЛА