«Сенімен Болашақ» РҚБ Қостанай облыстық филиалы Тобыл қаласының №2 жалпы білім беретін мектебінде аудандағы мектеп директорларымен, тәрбие іс жөніндегі орынбасарларымен және психологтармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында филиал басшысы Гүлжан Жақсылыққызы мен психолог Базаркүл Қапарқызы жобаның мақсаты мен міндеттерін қатысушыларға түсіндіріп өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – білім бөлімі ұжымы мен педагогтармен бірлесіп, жобаның бағытын анықтау. Әрбір тақырыпты талдап, аймақтың ең проблемалық нүктесін табу. Қатысушылар өз жұмыс саласына қатысты өзекті мәселелер жөнінде айтып берді.
Кездесуде «Жыныстық зорлық-зомбылық» тақырыбын таңдау туралы қорытындыға келді. Жобаның негізгі міндеттері - балалар мен ата-аналардың педагогикалық-психологиялық, медициналық, құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал ету, зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінің алдын алу. Рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру. Балаларға қатыгездік фактілері анықталған отбасына кешенді көмек көрсету.