#Қостанай
СТУДЕНТТЕРДІ БЕЙІМДЕУ

Бірінші курс студенттерін өмірдің  жаңа кезеңіне бейімдеу мақсатында  «Сенімен Болашақ» РҚБ Қостанай облыстық филиалы Қазтұтынуодағы жоғары колледжінің ата-аналарына семинар өткізді.

Бірінші курс білім алушыларының студенттік өмірге тез бейімделуі олардың өмір сүру үрдісінде жаңа кезең болып саналатындықтан, психологиялық ерекшеліктері мен өзгерістерін зерттеуді қажет етеді. Осыны ескерген Қостанай облыстық филиалы суденттердің ата-аналарымен кездесіп, ашық диалог орнатты.  Филиал психологы Базаркүл Қапарқызы қатысушыларға ересек кезеңге өту сәтіндегі бала психологиясын түсіндіріп, қалай дұрыс бағдар мен қолдау беру қажет екенін айтты.   Студенттік кезең және кездесетін қиындықтар, тұлғалық даму жөнінде терең түсінік берді. «Студенттік өмір – балалық шақ пен ересек өмірді қосатын көпір. Балалық шақта бала боп ойнаса, студенттік өмір кезінде білім алып, өзін тұлғалық дамытуы дұрыс. Әр нәрсе өз орнымен болғаны жөн», - деді психолог. Семинардан мотивация алған қатысушылар толғандыратын сұрақтарына да тұщымды жауап ала білді.

                                                                               «Сенімен Болашақ» РҚБ баспасөз қызметі

12.11.2023
#Қостанай
СТУДЕНТТЕРДІ БЕЙІМДЕУ