#Қарағанды
БАЛАЛАРДЫҢ ТИІМДІ ДЕМАЛЫСЫ

Қарағанды облысы білім басқармасының «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты «Ауыл-қала» жобасы аясында бірлестіктің Қарағанды облыстық филиалын «Talap. Eńbek. Tereń oı» тақырыбында жоғары сынып оқушыларымен кездесуге шақырды. Осындай білім басқармасының керемет жобасының арқасында ауыл мен қала балалары каникул уақытын тиімді, пайдалы өткізіп, ҰБТ-ға дайындалып, нетворкинг, тәжірибе алмасуда.

Оқушылар Дарын мектебінің интернат жатақханасына бес күндікке келген. Әсерлі атмосфераға толы кездесуде Шәкәрім мен Абай өнегесі насихатталып, Алаш арыстарының дара жолы дәріптелді.

Қарқаралы ауданынан келген 100 оқушыға филиал басшысы Индира Жанұзаққызы қоғамдағы жастар арасында болып жатқан мәселелер, жаһанданудың әсері, жақсы мен жаманды ажырата білу туралы, рухани- адамгершілік қағидаларын ұлт тұлғалары мен қоғам кайраткерлерінің үлгі өнегелерімен ұштастырып айтып берді. Сондай-ақ репродуктивті тәрбие, лудомания және бәстігу, зиянды әдеттер және тұлға болып қалыптасу жолы тақырыптарында ауқымды ақпарат берді.

Филиал психологы Дидар Берікқызы Абайдың «Толық адам» тұжырымдамасын негізге алып, «Суық және нұрлы ақыл» жөнінде, талап, еңбек, терең ой, рахым мен қанағат сынды 5 асыл іс жөнінде айтылды. Қатысушы жас өспірімдер өте белсенді пікір білдіріп, әсерлерімен бөлісті.

02.11.2023
#Қарағанды
БАЛАЛАРДЫҢ ТИІМДІ ДЕМАЛЫСЫ