#Қостанай
ЖЫНЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Қостанай қаласының білім бөлімі басшысының ұсынысымен бірлестіктің өңірлік филиалының басшысы Гүлжан Жақсылыққызы Владимиров ауылының орта мектебінің 9-11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырды.

 Кездесу барысында Гүлжан Жақсылыққызы бірлестік миссиясын, оның мақсаттары мен міндеттерін жоғары сынып оқушыларына түсіндіріп өтті. Бірлестік психологы Базаркүл Капарқызы «Жыныстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында тренинг жүргізді.

 Психологтың айтуы бойынша, жыныстық қабілеттің жетілу жылдары жасөспірім психикасы үшін өте ауыр кезең. Бұл кезде жасөспірімдерде жаңа түйсік, жаңа тілектер пайда болады, намыс сезімі күшейеді. Жыныс күтімі бала тәрбиесінің бір бөлігі болғандықтан, жыныстық қабілет жетіліп келе жатқан кезде жасөспірімдермен айрықша әңгіме өткізу қажет.

Кездесу соңында оқушылар толғандыратын сұрақтарына жауап алды.

01.10.2023
#Қостанай
ЖЫНЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ