#Жамбыл
ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕЙІК

Өмірдің қиын жағдайына тап болған отбасындағы балаларды қорғау, көмек көрсету және олардың дамуына ықпал ету мақсатында дөңгелек үстел отырысы өтті. Дөңгелек үстел 2023 жылғы қабылданған «Әйелдер мен балаларға қатысты отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық қатынастардың алдын алу туралы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы» меморандум аясында өтті.

Сала мамандары бірігіп отбасыларды кешенді түрде қалай сүйемелдеуге болады? Қандай көмек бере алады? Осы сауалдар төңірегінде ой қозғап, мәселені анықтап, оны шешу жолдарын қарастырып, жұмыс істеу тетіктерін анықтады.

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің бас маманы Қайрат Үкібасов отбасының қиын жағдайға тап болуының бірқатар себептерін атап, білім саласы тарапынан оның алдын алуға қарысы қолданып жатқан жұмыстарын баяндады.

Жамбыл облысы полиция департаментінің ЖПҚБ бойынша әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция подполковнигі Дильяфруз Кинжеханова тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдердің құқығын қорғауда атқарылып жатқан іс-шараларды айтты.

23.10.2023
#Жамбыл
ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕЙІК