#Батыс Қазақстан облысы
ОТБАСЫНДАҒЫ ҮЙЛЕСІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

«Отбасындағы үйлесімді қарым-қатынас» тақырыбындағы мектепішілік ашық алаң Желаев ауылындағы №14 мектебінде өтті. Ата-аналармен бірге оған Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұжымы да қатысып, бірлестік жайлы ақпарат берді. Іс-шараны ашқан мектеп директоры Тамара Мұрадымова отбасының қоғамдағы рөлін арттыру, ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттау бағытында ой салып жүрген бірлестікке алғысын білдірді.  Филиал менеджері Айгуль Хайруллина   ата-ана мен бала арасында үйлесімді қарым-қатынасты орнату туралы өз іс тәжірибесімен бөлісті. Кері байланыста қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, көкейдегі сауалдарға жауап ала білді.

04.02.2023
#Батыс Қазақстан облысы
ОТБАСЫНДАҒЫ ҮЙЛЕСІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС