#Батыс Қазақстан облысы
АТА-АНАНЫҢ ТӘРБИЕСІ - БАЛА МІНЕЗІНІҢ ІРГЕТАСЫ
«Сенімен Болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалы Теректі ауданының Подстепное орта мектебінде ата-аналарымен кездесіп, «Ата-ананың тәрбиесі – бала мінезінің іргетасы» тақырыбында дөңгелек үстелге спикер ретінде қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – ата-аналарға бала тәрбиесінде рухани құндылықтардың, отбасындағы үйлесімділіктің мәнін түсіндіру.
Дөңгелек үстелге қатысушы ата-аналар тақырыпты терең түсінуі үшін бірнеше әдіс-тәсілдер қолданып, фильм көрсетілді. Іс-шара барысында әрбір ата-ана өз пікірін шынайы түрде білдірді. Мәселенің жолын табуға көмектесуге ұсыныс жасады. «Сенімен Болашақ» РҚБ БҚО филиалы қызметкерлері ата-аналарға тренинг жүргізіп, пайдалы кеңестер ұсынды.
01.12.2023
#Батыс Қазақстан облысы
Поделиться
Ұсынамыз