#Батыс Қазақстан облысы
ОРТАҚ МАҚСАТ – БАЛА ТӘРБИЕСІ

Бірлестіктің БҚО филиалының қызметкерлері облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Луара Батырғалиевамен кездесті.

Кездесудің мақсаты өңірдегі жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Филиалдың мақсат-міндеттеріне сәйкес өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында бірлесіп, құқық бұзушылықтың алдын алу  жолдарын талқылады, ата-аналарға жеке кездесу, оқыту курстардың қажеттілігі туралы айтылды.

Кездесу соңында  филиал басшысы Ж.Аймауытовтың  «Психология» кітабын сыйға тартып, алдағы уақытта да меморандум аясында отбасы тәрбиесі, ата-аналар мен балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша өзара ынтымақтастықта  бірлескен жұмыстын жалғасатыны туралы айтылды.

29.03.2023
#Батыс Қазақстан облысы
ОРТАҚ МАҚСАТ – БАЛА ТӘРБИЕСІ