#Батыс Қазақстан облысы
БАЛА – ОТБАСЫ БАҚЫТЫ

Бірлестіктің БҚО филиалының қызметкерлері  Бәйтерек ауданы, Трекин ауылындағы  орыс тілде оқытылатын мектептің  ата-аналар жиналысына спикер ретінде шақырылып, «Эстетикалық тәрбие» тақырыбында  семинар-тренинг өткізді.

Кездесуді мектеп директоры Райса Исанжанқызы Мамешова мектептің тарихын және ата-аналармен жұмыс жасауда бірлесіп жұмыс жасау бағыттары бойынша әңгімелесуден басталды.  

Семинар-тренинг бағдарламасына сәйкес сөз алған өңірлік филиал қызметкерлері республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің мақсат-міндеттері мен жұмыс бағыттары туралы таныстырылым жасап, бірлестіктің мүшелігіне тіркелуді ұсынды. Филиал менеджері Айгуль Хайруллина семинар-тренинг тақырыбына сәйкес «Эстетикалық тәрбие» атты таныстырылым ұсынып, отбасының қоғамдағы рөлін арттыру, жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттау бағытында әңгімеледі.

30.03.2023
#Батыс Қазақстан облысы
БАЛА – ОТБАСЫ БАҚЫТЫ