#Жамбыл
ТАҒЫЛЫМДЫ КЕШ

Абай шығармашылығы уақыт озған сайын дәуір талабына сай әр қырынан өсіп өркендеп отыратын асыл мұра болып ұрпақтар санасынан орын алып келе жатқаны анық.  Осы орайда «Сенімен Болашақ» РҚБ құрылтайшысы Нұркен Жарылқапұлының  қолдауымен жарық көрген «Абай ғибратнамасы» атты кітапты өскелең ұрпаққа ұлықтау, білімгерлеріміз аталмыш кітаптан ғибрат алу үшін және рухани азық ету мақсатында «Абай ғибратнамасы» атты тағылымды кеш ұйымдастырылды.

Кеш барысында ақын шығармашылығынан өлеңдер оқылып, қара сөзінен музыкалық қойылым  қойылды. Бірлестік маманы Шолпан Мұратқызы ақынға өз арнауын арнады. Тағылымды кеш қонағы, облыстық «Ақ жол» газетінің бөлім басшысы Нұржан Қыдырәлі кеш барысынан шабыт алып өз арнауым көрермен назарына ұсынған жайы бар.

«Сенімен Болашақ» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының сапаршылары Ардақ Мықтыбекқызы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аналар кеңесінің төреайымы, Мәлік Дүйсебайұлы Жамбыл облысы әкімдігінің, мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының директоры тағылымды кеш барсында бой көрсетті. Студент жастарға Абай ғибратын ұлықтауды, шығармаларынан ұлы сөздерді ұғынып, бойға жиюға кеңес берді. Тағылымды кештің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі ұжымына және білімгерлерге арнайы алғыс хат берілді.

 Қазақ халқының зиялы қауым өкілдерінің еңбектерін жас ұрпаққа өнеге ету мақсатында Ш.Құдайбердіұлы, Ы.Алтынсариндей тұлғаларға арналған тағылымды шаралар өз жалғасын табатын болады.

02.11.2023
#Жамбыл
ТАҒЫЛЫМДЫ КЕШ