#Жамбыл
ТӘУЕЛДІЛІК ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Қазіргі қоғамның дерті жеткіншектеріміздің бойындағы физиологиялық және мінез-құлықтық тәуелділік болып отыр. Осы тақырып аясында «Сенімен Болашақ» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен  №13 Темір жол және коммуникация колледжінің студенттерімен «Тәуелділік дегеніміз не?», «Тәуелділік физиологиялық және мінез-құлық түрлерінің айырмашылығы қандай?» деген сұрақтарды талқылап, диалог орната отырып тернинг өткізді.

Диалог алаңында тәуелді адамның өмір салты, оның өмірінде белсенді затты қолдану (Құмар ойындар, шопинг) үлкен рөл атқаратыны және тоқтату синдромы болғанда тітіркену, мазасыздық, жүрек айну, ауырсыну сезімдері болатыны талқыланды. «Сенімен Болашақ» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының басшысы Дәурен Орайұлы аталмыш саладағы іскерлігін көрсете отыра, студент жастарға жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отыра психологиялық тренинг өткізді. Тәуелділіктің адам өміріне зияны туралы бейнероликтер көрсетілді. Студенттермен кездесу өз деңгейінде өтті, тақырыпқа сай ақпарат, студенттермен бірлескен жаттығу, ең бастысы пікір алмасу алаңы өз нәтижесін берді. Себебі өз ойларының құнды екенін түсінген студенттер қойылған сауалдарға белсенді жауап беріп, орамды ойларын ортаға салды.

29.10.2023
#Жамбыл
ТӘУЕЛДІЛІК ДЕГЕНІМІЗ НЕ?