Астана қаласы Ақселеу Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейінде Астана қаласы тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен «Қарашаңырақ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қала мектептері арасында «Алаш мұрасы – ұрпаққа аманат» атты шығармашылық сайыс өтті.
Сайысқа Астана қалалық филиалының директоры Шерхан Жұмабекұлы қонақ ретінде шақырылып, әділ-қазылар құрамында болды. Сайыс Алаш қайраткерлері Ш.Құдайбердіұлының 165 жылдығы, Х.Досмұмахмедұлының 140 жылдығы, М.Жұмабайұлының 130 жылдығы, С.Торайғыровтың 130 жылдығы қарсаңында өтті.
Шығармашылық сайыста 26 мектептің командасы бақ сынады. Екі бөлімнен тұратын сайыс тартысты да қызықты өтті. Бірінші бөлімде командалар Алаш зиялылары туралы сахналық қойылым ұсынса, екінші бөлімде Алаш зиялыларына арнап жазған хаттарын монолог түрінде оқыды.
Сайыс қорытындысы бойынша үздіктер марапатталды. Үздіктердің көшін басткған - Ә. Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейі болды. Бас жүлде иегерлері Мағжанның өмірімен дәстүрді, лириканы, ақынның шығармашылығын, тұрмыстық тіршілігі мен ұлттың салтын, әдебімен дәстүрін сомдады.