Қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған қасіретті жылдарда «Елім-ай» дастаны шықты. Қазақтың қайғысын өрнектелген жырдың шыққанына биыл 300 жыл. Атаулы датаға орай еліміздің әр аймағында арнайы жиындар ұйымдастырылып келеді. Сондай іс-шараның бірі Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының мәжіліс залында ғылыми-теориялық конференциясы болды. Конференция зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен өтті.
Іс-шараға «Сенімен Болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы, қоғам қайраткері Нұркен Асанов та қатысып, өз кезегінде сөз сөйледі.
Конференцияда Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Серік Негимовтың «Сенімен Болашақ» РҚБ-ның қолдауымен жарық көрген «Абай ғибратнамасы» кітабы оңтүстіктегі оқырман қауымға таныстырылды. Һәкім дананың Толық адам тұжырымдамасы кеңінен талқыланды. Ғалымдар тұжырымдаманың өскелең ұрпаққа берері мол дүние екендігін ғылыми дерекпен баяндады.