#Солтүстік Қазақстан
БАЛА – БОЛАШАҒЫМЫЗ

Петропавл қаласының Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясында «Ұлттық мұраны ұлықтау» атты өнер майталмандарымен кездесу өтті. Кездесу барысында мектеп қабырғасында айтыскерлер сыныбы салтанатты түрде ашылды.

Игі іс республикалық «Төрт тоқсан – төрт өнер» жобасы аясында облыстық білім басқармасының қолдауымен жүзеге асырылды. Айтулы шараға М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың профессоры Жанар Таласбаева, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Қайырлы Ғафуров және облысымызға танымал өнер адамдары мен ұлт жанашырлары қатысты.

Жиын барысында филилал психологы Жазира Баукенова «Сенімен Болашақ» РҚБ мақсатымен таныстырып, осы жылы атқарып жатқан жұмыстары жайлы ақпарат берді және де ата-аналарға балалар психологиясының ерекшеліктері туралы баяндама жасап, жиын соңында тренинг өткізді.

Өсіп келе жатқан балалар ертеңіміздің жалғасы. Әрбір ата-ана бала дамуының психологиялық ерекшеліктерін білмесе, балаға үлгі өнеге көрсете алмаса, баланың өсуіне жағдай жасамаса, онда тәрбиелі, жан-жақты дамыған бала тәрбиелеу екіталай. Бала сезімтал, байқағыш. Оларға дұрыс жауап беру, түсіндіру, тура жолға бағыт-бағдар беріп отыру, ой-өрісін ұштау баршамыздың парызымыз.

 Сондықтан бала тәрбиесі толыққанды болуы үшін баланың материалдық қажеттіліктерін қамтамасыз етумен қатар, оның сезімдерін түсініп, ішкі жан дүниесінеде болып жатқан өзгерістерді байқап отырумыз керек. Психологқа ата-аналар тарапынан толғандыратын бірнеше сұрақтар қойылды.

20.10.2023
#Солтүстік Қазақстан
БАЛА – БОЛАШАҒЫМЫЗ