#Солтүстік Қазақстан
АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Петропавл қаласындағы «Нұр бөбек-1», «Нұр бөбек-2» балабақшаларында «Тазалық – өмір айнасы» тақырыбында ата-аналармен кездесу өтті.                       

«Сенімен Болашақ» РҚБ филилалының басшысы Жанат Мұхамеджанов бірлестік мақсатымен таныстырып, он тақырыптық бағытта жұмыс жүргізіп жатқанымыз туралы ақпарат берді. Осы жыла ұйымдастырған іс-шаралар жөнінде және жақында өткен «Мен сенің өміріңнің жалғасымын» атты әкелер форумы туралы ата-аналарға қысқаша мәлімет берді.

Кездесуде ата-аналарға баланың физиологиялық және психологиялық дамуы, тазалық, салауатты өмір салтын ұстану жөнінде ақпарат берілді. Сондай-ақ филиал психологы Жазира Алтайқызы жас ерекшелігіне қарай физиологиялық, психологиялық дамуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу соңында ата-аналармен кері байланыс жүргізіліп, өзара пікір алмасылды.

30.11.2023
#Солтүстік Қазақстан
АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ