#Астана
МАҢЫЗДЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

24 қараша күні «Сенімен Болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігі мен Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумы бекітілді.  Құжатқа бірлестік атынан ресми өкіл Самал Жарова мен төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Дастан Жиреншеұлы қол қойды.

Бұл ынтымақтастық төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға, білім беру мекемелерінде оқитын оқушылар мен олардың ата-аналары арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар қоғамды төтенше жағдайлар жөнінде түрлі видео роликтер арқылы ақпараттандыру. 

                                                                                             «Сенімен Болашақ» РҚБ баспасөз қызметі

24.11.2023
#Астана
МАҢЫЗДЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ