#Астана
«SENIMEN BOLASHAQ» ұсынған республикалық «МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҚ» тренинг марафоны

Біз ата-аналарға бала дамуының барлық кезеңдерінде қолдау көрсетуге тырысамыз.

Біз осы уақытқа дейін ата-аналарға арналған 20 мыңнан астам іс-шара өткіздік: семинарлар, вебинарлар, марафондар, кездесулер, дөңгелек үстелдер, тренингтер мен шеберлік сыныптары.

Біз үшін және ата-аналар үшін ең маңызды оқиғалардың бірі ата-аналар мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы бірегей диалог алаңы бола білген - АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ДӘСТҮРЛІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАМЫЗ ФОРУМЫ.

Алайда, биыл имидждік және ауқымды іс-шаралардан бас тартқан мемлекеттік органдардың іс-әрекетіне сүйене отырып (көптеген қазақстандық отбасыларына зиян келтірген су тасқыны жағдайына байланысты) біз 2024 жылғы тамыз форумын өткізбеу туралы шешім қабылдадық.

Әр ата-ана біздің қолдауымызды тікелей сезінуі үшін қатысаатын бұл форумның маңыздылығын түсінеміз. Сондықтан, биыл біз тамыз айын еліміздің өңірлерінде «МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҚ» тренингтерінің марафоны форматында өткізуді ұйғардық.

Тренинг марафонында сіз өзіңізді және балаларыңызды жаңа оқу жылына дайындауға арналған білім мен әдіс-тәсілдерді маңгересіз.

Жоспарланған іс-шаралар туралы толығырақ Instagram әлеуметтік желісіндегі @senimenbolashaq парақшасынан және аймақтардағы филиал парақшаларынан біле аласыздар.

Бізбен бірге болғандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!

Сенімен Болашақ – Сеніммен Болашақ!

12.08.2024
#Астана
«SENIMEN BOLASHAQ» ұсынған республикалық «МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҚ» тренинг марафоны