#Астана
«БАҚЫТСЫЗ ЖАН» РОМАНЫ ӨЗ ОҚЫРМАНДАРЫНА ЖОЛ ТАРТТЫ

«Сенімен Болашақ» РҚБ медиа және ақпарат бөлімінің басшысы Нұрасыл Жасұланұлының «Бақытсыз Жан» деп аталатын романы жарыққа шықты. «Қараңғыда қанша от көрсең, қазақ даласында сонша отбасы бар. Отбасының ішінде болып жатқан құбылыстардың барлығынан бейхабар емеспіз. «Бақытсыз Жан» романы әр отбасының шаңырағындағы оқиғаларды суреттейді. Біз отбасыларды жекелей емес, дастархандарының басында болып жатқан оқиғаларын өздеріне мысал ретінде келтіріп тәрбиелей аламыз. Романда ата-анаға деген құрмет, адалдық, тәрбие, өнеге, махаббат және т.б. сынды тұжырымдар айтылған» - деді кітап авторы.

«Кітаптың шыққанын көрген бір оқырманымыз «Роман қыз үшін жазылған ба?» деп сұрады. Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романы болсын, Жүсіпбек Аймауытұлының «Ақбілек» романы болсын,

Ахмет Байтұрсынұлының «Н.Қ. ханымға» атты өлеңі болсын бәрі-бәрі тұтас қазақ қауымының жоғын жеткізген. Қоғамда болып жатқан өрескел оқиғаларды шығармаға арқау ету арқылы айтып отырған. Менде өз романымда қазақ отбасыларының шаңырағында болып жатқан шынайы оқиғаларды жаздым.»

Танымал басылымның журналисті былай деп сұрақ қойды:

- Көбі жер жарған жарнама жасап, пайда көруге дәмелі. Кітабыңызды сатылымға шығармауыңыздың себебі неде?

- Сатасыз ба деген жандардың қатары көбейіп кеткенде «Кітап сатылмайды. Білім тегін. Жаратқанымның жүректен шығарған сөздері сіздерге сый.» - деп желіде жазба қалдырдым. Романды пайда табу үшін жазбадым. Өзімнің алғы сөзімде «Бақытсыз Жан» романы әр қазақтың қолына берілетін құрал дедім. Сол құралды қазақ баласының барлығы тегін пайдаланғанын қалаймын. Білім сатылмайды. Білім тегін. Міржақып Дулатұлының өмірінде бір естелігі бар. Ол бірде әйелі Ғайнижамалға: «Менің гонарарым қайыршылар мен жағдайы жоқтардың садақасы болсын. Ал жазған материалым білімімнің зекеті болсын.» - деген. Менің де сатпаудағы позициям осындай.

Кітаптың электронды нұсқасы автордың «Жақаң жолымен…» (https://t.me/zhahan_zholymen )телеграм арнасына жүктелген.

 

31.10.2023
#Астана
«БАҚЫТСЫЗ ЖАН» РОМАНЫ ӨЗ ОҚЫРМАНДАРЫНА ЖОЛ ТАРТТЫ