#Астана
СӘРСЕНБІДЕ ЖАНАШЫРЛАР БАС ҚОСТЫ

Бүгін бірлестіктің жанашырлары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Алтынбек Нухұлы, Ғалиасқар Сарыбаев, филология ғылымының докторы, профессор Әділ Ахметов, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы Жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Төлеубек Мұқашев, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі Әбілхакім Амурзин, бірлестік кеңесшісі Нұржан Нұрсипатов бас кеңседе бас қосты.

Кездесуде ел ағалары бірлестік ұстанымын ұстана отырып, бірлестіктің елдің елдігіне қызмет ету, ұрпақ тәрбиесі, адами құндылықтарды дәріптеу секілді қоғамдағы түйіткілді мәселелерді ортаға салып талқылады. Отбасында тәрбиенің қайнарына қанып өскен баланың болашағы да зор болатынын айтқан аға буынның бай тәжірибесі, көрегендігі, өсиеті өмірлік ұстанымға айналдыратын өнеге мол.

                                                                                   «Сенімен Болашақ» РҚБ баспасөз қызметі

08.11.2023
#Астана
СӘРСЕНБІДЕ ЖАНАШЫРЛАР БАС ҚОСТЫ