#Астана
VII АБАЙ ОҚУЛАРЫ БАЙҚАУЫНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

Астанада «VII Абай оқулары» байқауының марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институты мен «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты.

ҚР Президенттік орталығы ұйымдастырған байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 400-ден астам адам қатысты. Байқауда бақ сынағандардың қатарында балабақша бүлдіршіндері мен мектеп оқушылары, студенттер, мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлер, әскери саланың мамандары да бар.

Қатысушылардың барлығы ұлы ақынның шығармашылығын жетік меңгерген. Бүгін байқауда оза шауып, көзге түскен кіл жүйріктер марапатталды.

Бірлестік құрылтайшысы Нұркен Асанов жеңімпаздарды құттықтап, сыйлықтар табыстады.
 

17.10.2023
#Астана
VII АБАЙ ОҚУЛАРЫ БАЙҚАУЫНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ