#Жамбыл
«МЕН СЕНІҢ ӨМІРІҢНІҢ ЖАЛҒАСЫМЫН» АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

Қоғамдағы өзекті тақырыптардың бірі – ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, әке мен ананың құндылықтарын дәріптеу мақсатында Тараз қаласындағы Жамбыл политехникалық коллдежінде «Мен сенің өміріңнің жалғасымын» атты қалалық форум ұйымдастырылды.   

Форум шымылдығы Абай гуманитарлық колледжі студенттерінің қойылымымен ашылды. Аталған шараны ұйымдастырушы «Сенімен Болашақ»  РҚБ Жамбыл облыстық филиалының  басшысы Дәурен Бағжанов алғашқы спикер болып өз ойын ортаға салды. Ең қызығы ата-ана мен бала арасындағы байланысты дәлелдеу, көрсету мақсатында эксперемент те ұйымдастырып ата-аналардың шынайы эмоциясына ие болды.  Облыстық ата-аналар кеңесінің төреағасы, бірлестік сарапшысы Ринат Нұрақбаев, білестік психологы Шолпан Рахымбердиева, «Әулие ата» мешітінің  бас имамы, бірлестік сарапшысы Ержан мырза ата-аналармен тілдесіп, тәрбие төңірегінде өнегелі өрілген кеңестерімен бөлісті.  Аталған форумға қатысқан әрбір ата-ана шынайы ризашылықтарын білдіре отыра оң бағаларын беріп өтті.

                                                                   «Сенімен Болашақ» РҚБ баспасөз қызметі

27.11.2023
#Жамбыл
«МЕН СЕНІҢ ӨМІРІҢНІҢ ЖАЛҒАСЫМЫН» АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ