#Жамбыл
ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«Сенімен Болашақ» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы №7 мектептің 8-11 сынып оқушыларына құқықтық сауаттылықты арттыру, есірткі заттарын тұтынудың алдын алу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аталған шараға полиция қызметкері, психологиялық саулық орталығының өкілдері, жастар денсаулығы жөніндегі мамандар қатысып, ақпараттармен бөлісті. Ақпарат беру барысында тақырыпқа сай оқушылар тарапынан сауалдар қойылды. Арнайы презентация дайындалынып, бейнематериалдар көрсетілді.

23.11.2023
#Жамбыл
ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ