#Павлодар
Әке – асқар тау!

«Сенімен Болашақ» РҚБ-ның Павлодар облысындағы филиалының ұйымдастыруымен Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияда «Ата-ананың бала тәрбиесіндегі маңыздылығы» атты семинар өтті. Оған мектеп оқушыларының әкелері, ұстаздары қатысты.

Білім ошағының басшысы Салтанат Қалиасқарқызы семинардың ашылу салтанатында сөз сөйлеп, жиынның маңызын атап өтті. Мақсат – әке мен бала арасындағы  қарым-қатынасты жақсартуға, бала тәрбиелеудегі рөлінің маңыздылығын арттыруға, бала үшін қауіпсіз ортаны құру және қолдау, отбасылық құндылықтарды сақтау және нығайтуға бағытталған.

Шара барысында «Сенімен Болашақ» РҚБ-нің Павлодар облыстық филиалының басшысы Хызыр Жанарыс пен филиал өкілдері Бағұстар Жанғозин, Мерей Каримов қатысушыларға ата-аналардың отбасылық тәрбиеде жауапкершілігін арттыру үшін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан кең ақпарат берді.

Өскелең ұрпаққа тәлімі мен тағылымы мол жиынға келгендер бақытты да саналы ұрпақ тәрбиелеудің алғышарттарымен танысып, өзара пікір алмасты.

Балаларға жақсы тәрбие берудің түрлі жолдары бар. Ең бастысы тәрбиенің негізі отбасынан, ананың сүтінен, әкенің қамқорынан басталатынын ұмытпағанымыз жөн.

 

09.12.2021
#Павлодар
Әке – асқар тау!