#Павлодар
ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДЕМЕУШІЛІГІМЕН ВОЛЕЙБОЛ ОЙЫНЫНАН ЖАРЫС ӨТТІ

«Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалының демеушілігімен волейбол ойынынан жарыс өтті.

Жарыста дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының, Ы.Алтынсарин атындағы гимназиясының, «Білім-инновация» лицейінің, Кенжекөл мен №21 жалпы орта білім беретін мектептерінің мұғалімдері, оқушылары мен олардың ата-аналары команда құрып, өзара бақ сынасты. Спорттық доданың негізгі мақсаты – ұжымдық бәсеке арқылы бала, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту.

Тартысты дода қорытындысы бойынша үздік ойын өрнегін көрсеткен команда ойыншыларына «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Павлодар облыстық филиалының басшысы Хызыр Жанарыс бірлестік атынан арнайы сыйлықтар табыстады.

14.12.2021
#Павлодар
ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДЕМЕУШІЛІГІМЕН ВОЛЕЙБОЛ ОЙЫНЫНАН ЖАРЫС ӨТТІ