#Жамбыл
БІЗ ТӘРБИЕЛІ ДЕ ӨНЕРЛІ ОТБАСЫМЫЗ

Бірлігі бекем, тірлігі тату, көпшілікке үлгі болар отбасылар кімдер? Бұны анықтау үшін «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің Тараз қалалық филиалының басшысы Мақсат Сарсембаевтың қатысуымен №54 орта мектепте «Біз тәрбиелі де өнерлі отбасымыз» атты үлгілі отбасылар арасында байқау өтті.

Сайысқа 8 жанұя қатысып, бақ сынады. Тараз қалалық білім басқармасының, қалалық ата-аналар комитетінің өкілдері мен бірлестік филиалының басшысы өнегелі отбасылардың арасынан үздігін анықтау үшін  әділ қазылық етті.

Тағылымды шарада отбасы мүшелерінің ұлттық өнерімен бірге, бала тәрбиелеудегі біліктілігі де бағаланды. Байқау жеңімпаздарына алғыс хаттар мен сыйлықтар тарту етілді.

 

22.12.2021
#Жамбыл
БІЗ ТӘРБИЕЛІ ДЕ ӨНЕРЛІ ОТБАСЫМЫЗ