#Мақала
ПРЕЗИДЕНТ АТА-АНА ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ИДЕЯСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН АТАП ӨТТІ

Бүгін барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының II республикалық форумында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар маңызды мәселелерге, соның ішінде елде жауапты ата-ана идеясын дамытуға ерекше назар аударды:

 - «Жалпы, елде ата-ана жауапкершілігі идеясын алға жылжытуға бағытталған қоғамдық бастама өткізу қажет деп санаймын. Мемлекеттік органдардың назарын дереу осы жағдайға аударып, жас ұрпақтың қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз етуге қатысты нақты шаралар қабылдауды тапсырамын», — деді Президент өз сөзінде.

Президенттің сөзі «Сенімен Болашақ» РҚБ миссиясымен толық үндеседі.

Бірлестіктің басты миссиясы — Қазақстанда саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру.

«Сенімен Болашақ» қоғамдық ұйым ретінде бүкіл Қазақстан ата-аналарын бала-ана-ана тақырыбындағы түйіткілді мәселелер төңірегі топтастыра білді.

Біз Қазақстандағы ата-аналық тәжірибені болашақ азаматтардың тұлғалық дамуы үшін маңызды институт ретінде қарастырамыз.

Бүгінгі таңда Қазақстанның болашағы қандай болатыны ең алдымен отбасы мен ата-аналарға байланысты.

Бірлестік ҮШ ЖЫЛ ІШІНДЕ ата-аналарға арналған 20 мыңнан астам іс-шара, соның ішінде республикалық ата-аналар форумдарын ұйымдастырды. «Ата-ана – ұлттың ұясы» форумы ауқымды деңгейде өткізілді. Форумның атауы кездейсоқ таңдалмаған, өйткені бақытты балалық шақтың негізі әрқашан отбасы институты болып табылады.

«Сенімен Болашақ» қызметі жайлы әлеуметтік экожүйені қалыптастыруға бағытталған және қоғамда әрбір адам балалардың қауіпсіздігі мен амандығына сеніммен қарайтын қарым-қатынастарды құруға ұмтылады.

Біздің ұжымдық жауапкершілікке деген ұмтылысымыздың доктриналық принциптері «Балалар — біздің болашағымыз» және «Бөтен бала болмайды» формулаларында көрініс табады.

Бұл принциптер әрбір бала ата-анасының махаббаты мен қамқорлығымен өсетін болашақ көрінісімізді бейнелейді және бұл ақиқатқа айналуы тиіс.

03.10.2024
#Мақала
ПРЕЗИДЕНТ АТА-АНА ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ИДЕЯСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН АТАП ӨТТІ