Жасөспірімдер арасында жаңа қауіпті ойындар туралы соңғы жаңалықтарды ести отырып, өз пікірімді айтқым келеді.
Өзімнің жасөспірім кезімді еске алсам, сыныптастарым мен ауладағы балалар арасында тыныс алуымызды және ұйқы артериясын қысқанымыз есіме түседі. Содан кейін бірнеше секундқа есімізден танып қалатынбыз немесе басымыз айналатын. Бұл ойын сол кезде бізге өте көңілді болып көрінді.
Неліктен біз қауіпті ойынды ойнадық?
Бұл біздің қажеттілігіміз болды. Бір қызығы, біз өлімге бас тігіп, қайта оралуды сезінуіміз керек болатын.
Көпшілігіңіз таң қалуыңыз мүмкін, бұл «қажеттілік» ҚАЛЫПТЫ ЖАҒДАЙ!
Даму психологиясы адамдардың мінез-құлқындағы жасқа байланысты өзгерістерді анықтайды және осы өзгерістерді түсіндіруге тырысады.
Сондықтан 10-12 жас рухани немесе жан-жақты даму кезеңі деп аталады.
Бұл жаста балаларда түсінік пен өлім туралы қорқыныш пайда болады.
Баламен әңгімелесу барысында белгілі бір тақырыптарға жауап беруден жалтаратыныңызды байқайсыз ба? Әрине, дәл солай.
Біз жыныстық даму мен жетілу, ер мен әйелдің қарым-қатынасы туралы баламыздың интимдік сұрақтарынан жалтарамыз және ӨЛІМ ТАҚЫРЫБЫНА ДА ЖАУАП БЕРУДЕН ҚАШАМЫЗ.
Біз өлім тақырыбын талқыламайтындықтан, балалар өз бетінше зерттей бастайды. Осылайша, өздеріне тәжірибе жасайды.
Бұл көріністі біз Ақтаудағы балалар кенеттен жолдан өтіп бара жатқан видеодан, «Синий Кит» ойындары және т.б. көреміз.
Көріп жан түршігеді, денеңе мұзды су құйып жібергендей болады.
Бұндай жағдайда ата-аналар не істейді? Олар балаға ешқандай себебін түсіндірместен ұрысады. Салдарынан балалар интернет арқылы ақпарат іздеп, әртүрлі топтарға тіркеліп, күдікті қауымдастықтарға кіреді.
Негізінен балалық суицид осы 10-12 жас аралығында болады. Көбінесе өзіне қол жұмасу мақсатында емес, уақытында тоқтата алмаған эксперимент салдарынан болуы мүмкін.
Бір сөзбен айтқанда ересектер мұндай қауіпті ойындарды мағынасыз деп санайды, ал балалар мағына табуға тырысады.
Бұл оқиға біздің балаларымызда да болуы мүмкін деп қорқамыз. Өкінішке қарай жаңалықтардан көріп қана шектелеміз, дегенмен қайғылы оқиғалардың алдын ауға болады емес пе!
Балаңызбен сөйлесіңіз! Оның миллиондаған сұрақтарына жауап беріңіз! Қымбатты ата-аналар, балаңыз толғандырған сауалына жауапты сізден білсін!
Балаға адамдар өмірге келіп, өмірден өтетінін, бұл өмірдің заңдылығы екенін айтып түсіндіру қажет. Өлімнен ешкім қашып құтылмайды және оны болжау мүмкін емес.
Бұл тақырыпта балалармен сөйлесу өте маңызды. Әйтпесе, ол өлім туралы сұрақтарға жауапты сырттан іздейді. Бұл баланың өмірі мен денсаулығына қауіпті.
Бірлестік төрағасы Жансая Бердімұрат