#Астана
ҰТЫМДЫ ҰСЫНЫСТАР АЙТЫЛДЫ

Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қазақстанның ХІ Азаматтық форумы аясында үкіметтік емес ұйымдармен кездесуі өтті. Кездесуге арнайы шақыртумен «Сенімен Болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалының басшысы Шерхан Жұмабекұлы қатысты.

Ауқымды жиынды ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Владимирович ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тілеп, кездесудің маңыздылығын атап өтті.

Дөңгелек үстелде үкіметтік емес ұйымдардың басшылары жауапты мамандарға өз сұрақтарын қойды. Шерхан Жұмабекұлы да бірлестіктің жұмысын іске асыруда кездескен бірқатар мәселелерді көтеріп, ортаға салды. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ҚР Әкімшілік кодексінің 73 бабының 1 тармағы бойынша уақытша қамақта отырған азаматтарға отбасылық құндылықтарды дәріптейтін тренингтерді міндеттеуді және отбасылық оқыту курстарын өткізу қажеттігі жөнінде ұсынды.

Сонымен қатар  жас отбасылар неке қимай тұрып 1 ай мерзімінде отбасылық құндылықтар жөнінде профилактикалық білім беру міндеттелі керектігін айтты. Осылайша қоғамдағы әлеуметтік жетімдікті, отбасы арасындағы кекілжіңдерді, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға болады.

14.10.2023
#Астана
ҰТЫМДЫ ҰСЫНЫСТАР АЙТЫЛДЫ