#Қостанай
ҚАЗІРГІ ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАНДАЙ?

Жасөспірім кезеңдегі жеткіншек –  бала емес, бірақ әлі ересек адам да емес. Балалықтан ерексектікке көшуді – өтпелі кезең деп атап жатамыз.  Қазіргі жасөспірімдер өте күрделі әлемде өмір сүреді. Ал олардың ата-аналарының жасөспірімдік шағы мүлде өзгеше болған еді.

Осы тақырыпты тереңінен түсіндіру мақсатында №1 құрылыс-технологиялық колледжінің жатақханасында тұратын студенттермен кездесу өтті. «Сенімен Болашақ» РҚБ Ақмола облыстық филиалының психологы С.М. Исаева студенттермен диалог жүргізіп, қазіргі жасөспірімге не қажет екенін білді.  Атап айтатын болсақ, олар жақсы қарым-қатынас, отбасы, ақыл және т. б. Студенттер әртүрлі ұрпақтардың түрлі көзқарастары туралы өз пікірлерімен бөлісіп, жастар арасында кездесетін проблемаларды айтты.

06.02.2023
#Қостанай
ҚАЗІРГІ ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАНДАЙ?