#Мақала
«МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҚ» марафоны мыңнан аса ата-ананы қамтыды

Құрметті достар!

Міне, 7-22 тамыз аралығында  республика бойынша өткен «МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҚ» марафоны аяқталды. Бұл іс-шара Бірлестік ұйымдастыратын республикалық дәстүрлі ата-аналар конференциясының орнын толықтай алмастыра алды.

«Сенімен Болашақ» РҚБ облыстық филиалдары марафонды өз өңірінде түрлі форматта өткізді.  Семинар-тренинг, дөңгелек үстел, т.б. форматта өткен іс-шараларға білім беру қызметкерлері, жергілікті билік өкілдері және азаматтық қоғам белсенділері қатысып,  1100 ата-ана қамтылды.

Іс-шараның күн тәртібі мектеп пен ата-аналардың өзара іс-қимылына, олардың бірлескен жұмыс алгоритмдеріне, балаларды психологиялық даярлауға, суицидтің алдын алуға, буллинг пен кибербуллингке қарсы іс-қимыл шараларына, репродуктивті денсаулық пен тәрбиеге және т. б. маңызды мәселелерді талқылауға бағытталды.

Марафонның  мақсаты – ата-аналарға білім беру мәселелерінде пайдалы құралдарды, атап айтқанда, балаларды жаңа оқу жылына дайындауға арналған білім мен практикалық құралдарды ұсыну, өйткені бұл  білім бәсекесінде балаңызға  айтарлықтай әсер ететін маңызды құрал.

Саналы ата-ана мәдениетін бірге қалыптастырайық!

22.08.2024
#Мақала
«МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҚ» марафоны мыңнан аса ата-ананы қамтыды