#Абай
ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ

Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ержетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалып­тасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Сондықтан отбасы – өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Адам өміріндегі отбасының алатын орынын түсіндіру мақсатында бірлестіктің Абай облыстық филиалы Семей қаласындағы Бизнес колледінің студенттеріне «Мен отбасымның жалғасымын/ Я наследник своей семьи» атты орыс тілінде тренинг өткізді.

Тренингті Абай облыстық филиалының психологы Зайцева Васелина Васильевна жоғары деңгейде өткізіп, студенттердің қызығушылығын арттырды. Психологиялық әдіс-тәсілдер қолданылып,  кері байланыс жасады.

15.03.2023
#Абай
ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ