Абай облыстық филиалы Мұқыр ауылындағы Түрксіб орта мектебінің ұжымы мен ата-аналарына «Отбасым – бақыт мекенім» атты семинар-тренинг өткізді.
Семинар барысында филиал басшысы Лунара Бекболатқызы бірлестік миссиясы мен мақсаттарын халыққа насихаттап, бірлестік құрылтайшысы, идея авторы Нұркен Асановтың пандемия кезінде қызымен арасындағы әңгіме барысында туындағанын баяндап берді.
Бүгінгі қоғамда ел болашағы үшін саналы да сапалы ұрпақ тәрбиесі – ата-ананың басты мұраты екендігі баршаға аян.
Сол себепті бірлестігіміздің мақсаты – қоғамда саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру арқылы қоғамда бала тәрбиесін дұрыс жолға қою баршаға ортақ іс. Сондай-ақ, бірлестігіміздің эксперттік кеңес мүшесі Лакова Дана Хаджимұратқызы «Сенімен Болашақтың» жанашыр ата-анасы ретінде бірлестігімізге мүше болып қабылданып өзін бала тәрбиесінде дамытқанын, көптеген инсайттар, мессенж алғаны жайлы халыққа насихаттай келе, барша ата-аналарды саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыруға шақырды.