«Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Шығыс Қазақстан облыстық филиалының басшысы Аман Рахметуллин Семей қаласының №49 мектебінде болды. Білім ошағанда «Шамшырақ» ата-аналар клубының ашылу салтанатына қатысты.
Ата-аналарға арналған бұндай ұйымдардың маңызы зор. Ұйым әке мен анаға бала тәрбиесі тақырыбындағы қажетті ақпараттармен бөлісіп, педагогикалық және психологиялық сауаттылығын арттыруға көмектеседі. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту және «Ата-ана-ұстаз-оқушы» үшігімен бірлесе отырып қоғамда орын алып жатқан негізгі мәселелердің алдын алу мақсатында жұмыс істейді.
Шара барысында «Сенімен Болашақ» РҚБ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының басшысы «Менің балам....» атты тренинг өткізді. Тренингте Аман Рахметуллин саналы ата-ана болу ерекшеліктеріне тоқталып, бала тәрбиесі, баланың ерік жігері мен қабілетін дамыту жолдарын айтты.