#Абай
ҮЗДІК ҮШТІК

Семейдегі «Балдырған» балаларды дамыту орталығында «бала-бақша, ата-ана, тәрбиеші» арасындағы үздік үштікті қалыптастыру мақсатында ашық есік күні өтті.

Іс-шараға  бірлестіктің Абай облыстық филиалының ұжымы спикер ретінде шақырылып, «Үздік үштіктің ұтымды тәрбиесі» атты семинар-тренинг өткізді. Семинар «Қарлығаш», «Дарын», «Айналайын» топтарына жеке-жеке жүргізілді.

Іс-шара сұрақ-жауап форматында өтіп, ата-аналар мен тәрбиешілер пікір алмасып, ой бөлісті. Тақырып қатысушылардың көңілінен шығып, ойларын ашық әрі терең жеткізді. Үздік үштік жұмысының нәтижелі болу үшін психологиялық әдіс-тәсілдер қолданылды.

09.02.2023
#Абай
ҮЗДІК ҮШТІК