#Абай
«АТА ДӘСТҮР САЛТЫМЫЗ – ҚАСТАРЛЕЙІК ЖАЛПЫМЫЗ» ӘЖЕЛЕР САЙЫСЫ

Семей қаласындағы №49 мектебінде Наурыз мерекесіне орай «Ата дәстүр салтымыз-қастерлейік жалпымыз» атты әжелер сайысы өтті. Сайысты «Асыл әжелер» кеңесі  мен «Сенімен Болашақ» РҚБ Сараптама кеңесінің мүшесі Жанат Нұрахметқызы ұйымдастырды.

Бірлестіктің Абай облыстық филиалының ұжымы әділқазы ретінде шақырылды. Өз кезегінде Лунара Бекболатқызы: «Сіздердің бүгінгі өткізіп отырған шараларыңыз өскелең ұрпаққа, әсіресе, қыздарымыз бен жас келіндерімізге үлкен тәрбие береді деп білемін. Бүгін сіздер ұмыт болып, қолданыстан шығып бара жатқан салт-дәстұрлеріміз бен жөн-жоралғыларымызды қайта жандандырып, жас ұрпақты қайта қауыштырып отырсыздар. Ол үшін сіздерге, ұйымдастырушыларға айтар алғысымыз шексіз» - деді.

Байқаудың шарттары бойынша ақ жаулықты әжелер өзін және отбасын таныстырып, қазақы салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, өз өнерлерін көрсеткен әжелердің бірі әуелете ән салса, енді бірі ата- бабамыздан мұра болып келе жатқан салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымыздан, жөн- жоралғылардан көріністер қойды. Балаға берілетін ең алғашқы тәрбие – құлақ құрышын қандырар бесік жырын айтып, өз ұрпағының бақытты ғұмыр кешуін, бар жақсылықты бойына сіңіріп өсуін тіледі.

14.03.2023
#Абай
 «АТА ДӘСТҮР САЛТЫМЫЗ – ҚАСТАРЛЕЙІК ЖАЛПЫМЫЗ» ӘЖЕЛЕР САЙЫСЫ