#Абай
ОТБАСЫНДАҒЫ ДӘСТҮР – ЕҢ ҮЗДІК ТӘРБИЕ

Семей қаласындағы №5 «Балдәурен» бөбекжайының ата-аналарына бірлестіктің Абай облыстық филиалының ұжымы «Отбасындағы дәстүр – ең үздік тәрбие»  атты семинар-тренинг өткізді. Алдымен филиал басшысы Лунара Бекболатқызы бөбекжай ата-аналары мен ұжымына  бірлестіктің миссиясын, міндетін таныстырды.  

Семинар басталмас бұрын тәрбиешілер жиналған қонақтарға шағын концерттік бағдарламасын ұсынды.

Концерттік бағдарламадан кейін Лунара Бекболатқызы тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы екеніне тоқталып, отбасы құндылықтары, қағидалары туралы сөз қозғады. Отбасындағы әке мен ана тәрбиесі - бала өмірінің айнасы, іргетасы.  Олардың ойының, сөзінің, үлгісі - баланың өмірінде үлкен маңызды қолдау екендігіне ерекше тоқталды.

Адамзат баласына берілген жақсы тәрбие - бақытты кәрілік демекші отбасындағы бақыттың үлгісі-адамның саналы ғұмырындағы айнасы екені мәлім. Спикер ата-аналармен  диалог орната отырып, көкейтесті ойлары мен сұрақтарына жауап берді. Тамаша көңіл-күймен рефлексия жасалды.  Психолог В.Зайцева  ата-аналармен психологиялық сараптама жүргізді. 

Семинар-тренинг соңында ата-аналар өздерінің бала тәрбиесіндегі кемшін тұстарын айтып, семинар барысында алған жақсы тұстарында атап кетті.

10.02.2023
#Абай
ОТБАСЫНДАҒЫ ДӘСТҮР – ЕҢ ҮЗДІК ТӘРБИЕ