#Павлодар
ХЫЗЫР ЖАНАРЫС ЖАҢА КҮНДЕ СҰХБАТ БЕРДІ

Бірлестіктің Павлодар облыстық филиалының басшысы Хызыр Жанарыс Ертіс телеарнасының «Жаңа күн» бағдарламасына сұхбат берді. Сұхбат қамқоршылар күніне арналды.  

Хызыр Жанарыс бірлестіктің бастамасымен қолға алынған «Болашақ жеңімпаз» жобасы туралы сөз қозғалды. Жастар үйіндегі балалардың жағдайы турала ашық айтты. Жоба 2023 жылы ақпан айында басталды. Басты мақсат –  баланың өмірге ынтасын арттыру, үмітсіздікке жол бермеу. Қаладағы «Жас қанат», «Жас даурен», «Жас ұрпақ» жастар үйіндегі өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға қолдау көрсету. Олардың өмірге құштарлықтарын оятып, бағыт беру. Балалар үйіндегі балалар мен бала асырап алған ата-аналармен «Сенімен Болашақ» РҚБ ұжымы байланыс ұстап, араласып тұратынын айтты.

«Біздің жоба аяқталса да, әлі күнге дейін жастар үйіндегі балалармен байланысымызды үзген емеспіз. Алдағы уақытта да бұл үрдіс жалғаса бермек. Бос уақытта балалармен жүздесіп тұрамыз», - деді филиал басшысы.

Сонымен қатар алдағы уақытта жүзеге асатын жоба туралы да сөз қозғалды.

01.11.2023
#Павлодар
ХЫЗЫР ЖАНАРЫС ЖАҢА КҮНДЕ СҰХБАТ БЕРДІ