#Қостанай
ҚОСТАНАЙ ФИЛИАЛЫ ТОРҒАЙ АУЫЛЫНДА

Бірлестіктің Қостанай облыстық филиалы Ә.Жангелдин ауданындағы Торғай ауылының  Мәдениет үйінде ата-аналарымен кездесіп, «Өзіңді тап – өзегіне орал» тақырыбына семинар өткізді.  

Іс-шараны филиал басшысы Гүлжан Жақсылыққызы ата-ананың негізгі рөлі бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі жөнінде сөз қозғады. Қазіргі ұрпақ тәрбиесінде ата-ана үшін өзара сыйластыққа негізделген баламен сенімді қарым-қатынас орнату өте маңызды екендігін айтты.

«Баланы рухани адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына дұрыс жол сілтеу үшін ата-ана өзі саналы әрі сауатты болу керек. Мұндай ата-ана баласының қажеттіліктерін, қызығушылығы мен тілегін тез ұғады. Осындай отбасыда бала мен ата-ана бір-біріне сенеді және шешімді бірлесіп қабылдайды. Аталған отбасыларда балаға қойылатын талаптар жүйесі ұдайы баланың жасына және оның ерекшеліктеріне негізделеді», - деді Гүлжан Жақсылыққызы.

Филиал психологы Базаркүл Қапарқызы ата-аналарға тренинг өткізіп, балалардың алты жасынан бастап он сегіз жасқа дейінгі ерекшеліктері мен психикалық өзгерістері туралы кезең-кезеңмен түсіндіріп берді. Жиналған ата-аналар ақпаратты зор ықыласпен қабылдап, мазалайтын сауалдарын қойды.

11.10.2023
#Қостанай
ҚОСТАНАЙ ФИЛИАЛЫ ТОРҒАЙ АУЫЛЫНДА