#Қызылорда
ӨҢІРДІҢ БАС ҰСТЫЗЫН ҰЛЫҚТАДЫ

Кез келген мемлекеттің  дамуына, сол едің білім беру жүйесінің ықпалы зор екені белгілі. Өйткені мемлекеттің мерейін өсіріп, мәртебесін арттыратын адам болса, сол адамды маман қылып шығаратын, шынықтыратын – білім ордасы. Білім мен тәрбиенің тал бесігі. Осы бесікті тербетіп, білгенімен бөлісетін, тәрбие нәрін беретін, шәкіртін аялайтын ұстаздар десек жалған болмас.

Жыл сайын қазанның алғашқы жексенбісі ұлағатты жандардың төл мерекесі аталып өтіп, мерейін асырып құттықтау дәстүрге айналған.  

Мереке қарсаңында Қызылорда облыстық филиалының басшысы  Ғалымжан Бекмырзаұлы облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Зинабдинұлымен жүздесті. Аймақтың бас ұтазын бірлестік атынан құттықтады. Өңірдегі білім жеру саласынның дамуына қосқан өлсеусіз еңбегінің жемісті болуына тіледі.  

Кездесу барысында атқарып келе жатқан ортақ шаралар туралы айтылды. Мейрамбек Зинабдинұлы бірлестіктің нәтижелі жұмысына баға беріп,  бірлескен жобаларды іске асыруды ұсынды.

30.09.2022
#Қызылорда
ӨҢІРДІҢ БАС ҰСТЫЗЫН ҰЛЫҚТАДЫ