#Абай
ӘКЕ – ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ

Семей қаласындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебінде «Әке – отбасының тірегі» атты 1-11 сынып оқушылары әкелеріне арналған тренинг өтті. Тренингті «Ата-ана шеберлігі институты» жобасы аясында «Сенімен Болашақ» РҚБ Шығыс Қазақстан облыстық филиалы ұйымдастырды.

Филиал басшысы Аман Рахметуллин мектепте білім алатын оқушыларының әкелеріне бірлестіктің миссиясын таныстырды. Отбасындағы әкенің рөлі мен жауапкершілікті туралы ой бөлісіп, баламен тиімді уақыт өткізу жолдарын түсіндірді.

Тренингтен кейін әкелер мен ұстаздар команда құрып, волейбол ойынынан жолдастық кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында 2:0 есебімен әкелер командасы жеңіске жетті.

23.05.2022
#Абай
ӘКЕ – ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ