#Абай
ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ НАҚТЫЛАНДЫ

Абай облыстық филиалының кеңсесінде «Біз – біргеміз, берік болсын іргеміз» атты семинар-тренинг өтті. Семинарға қала мектептерінің белсенді ата-аналары қатысты.

Іс-шарада бірлестіктің кварталдық жұмыс жоспары құрылып, «Әжелер» кеңесінің төрайымын сайланды. Эксперттік топ мүшелерінің жұмысы жаңа форматта құрылды.

Семинар барысында ата-аналардың тілектері мен ниеттері тыңдалды. Эксперттік топ мүшелері Ж.Сембаева, Д.Х Лакова, А.Т Манасов, М.Қ. Рақымбаев сөз сөйлеп, бірлестік жұмысы туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Әжелер ақ батасын беріп, атқарып жатқан жұмыстарына табыс тіледі.  

31.01.2023
#Абай
ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ НАҚТЫЛАНДЫ