#Абай
БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ АКЦИЯСЫ

Семей қаласында «Бақытты балалық шақ» тақырыбында акция өтіп, онда аз қамтылған отбасыларының балаларына күні бойы түрлі шаралар ұйымдастырылды.
Балдырғандар «Дастан» кинотеатрында мультфильм тамашалап, «Абай» мұражайына саяхат жасады. Ертіс өзенін «Шоқан Уәлиханов» атты теплоходпен жүріп өтті. «Ланджоу» мейрамханасының аспаздарымен бірге өз қолдарымен түскі ас әзірлеп, тамақтанды.
Балаларға тамаша көңіл-күй сыйлаған бірлестікке ата-аналар шексіз ризашылықтарын білдірді.

21.06.2022
#Абай
БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ АКЦИЯСЫ