#Солтүстік Қазақстан
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ АТА-АНАЛАРЫНА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС

Петропавл қаласының №9 орта мектебінде «Жасөспірімдердің ата-аналарына психологиялық кеңес» атты ата-аналарға семинар-тренинг өтті. 

Филилал психологы Жазира Баукенова «Сенімен Болашақ» РҚБ СҚО филиалының мақсатымен таныстырып, осы жылы атқарып жатқан жұмыстары жайлы ақпарат берді, және де ата-аналарға балалар психологиясының ерекшеліктері туралы баяндама жасап, жиын соңында тренинг өткізді.

Жазира Алтайқызы бала дамуындағы жасөспірімдік кезеңнің басталуымен оның физиологиясының, психикалық реакциялары мен мінез-құлқының айтарлықтай өзгеруі туралы айтып кетті.

Бүгінгі баланың ерекшеліктері мен проблемалары туралы ата-аналар өз пікірлерін жазып, шешу жолдарын бірлесе талқылады.

Семинар соңында ата-аналармен кері байланыс жүргізіліп, сұрақ алмасып, өзара пікір алмасты.

 

27.10.2023
#Солтүстік Қазақстан
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ АТА-АНАЛАРЫНА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС