#Қызылорда
СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ПСИХОЛОГТАРЫ ОҚЫТУДАН ӨТТІ

«Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен өңірдегі Сырдария ауданының білім беру ұйымдарының психологтарына арналған оқыту-семинары өткізілді.

Семинар барысында сала мамандарына репродуктивті сауаттылық жөнінде ақпарат берілді. Қатысушылар семинарға белсенді қатысып отырды. Әр тәжірибе сайын өздерінің пікірлерін ортаға салды.

​Семинар соңында «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының психологы Жұмакүл Тасболатқызы семинарға қатысушыларға бірлестік туралы толық ақпарат беріп, алдағы атқаратын жұмыс жоспарымен таныстырып, бірлестіктің мақсаты мен міндетін айтып, бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Барлық қатысушыларды бірлестіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларына жазылу туралы ақпараттар берілді.

26.11.2023
#Қызылорда
СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ПСИХОЛОГТАРЫ ОҚЫТУДАН ӨТТІ