«Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының өкілі Нәбиден Маратұлы және бірлестік психологы Жұмакүл Тасболатқызы Тұрар Рысқұлов атындағы №222 орта мектебінде өткен «Отбасы – тәрбие бастауының қайнар көзі» тақырыбындағы ата-аналар жиналысына спикер ретінде қатысты.
Жиналыс барысында Нәбиден Маратұлы отбасы құндылықтары жөнінде айтты. Жұмакүл Тасболатқызы әрбір ата-ана «бала - проблема емес» деген ұғымды санасына сіңіріп, жан-тәнімен сезінуі және қабылдауы керек және осы бір ұғымды есінен шығармай, әрқашан жадында сақтаса, бала тәрбиесіне қатысты көптеген проблемалар басталмай жатып-ақ өздігінен шешілетіндігін жеткізді.
Сонымен қатар бірлестіктің қызметі мен мекен-жайы туралы ақпарат беріп, кез келген адамға алғашқы және сүйемелдеу бойынша көмек, қолдау көрсетілетінін айтып өтті.
