#Павлодар
ӘКЕЛЕР КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ

Әр отбасы жеке мемлекет. Ол мемлекеттің іргетасын қалаушы, басқарушы – отағасы, әке. Отбасының рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы әкеге байланысты. Әкенің отбасындағы рөлін нығайту мақсатында Павлодар қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы мектебінің әкелері бас қосып,  әкелер кеңесін құру жөнінде талқылады. Жиынға 70-ке жуық әке қатысты.

Филиалының басшысы Хызыр Жанарыс әкенің отбасындағы маңызына тоқталып, жанұяға тиісті көңіл бөлуге шақырды. Қаражат табумен қатар күнделікті жұмыстан кейін баламен өткізген бірнеше сағаттың өзі жеткілікті. Сондай-ақ ұқыптылық, адалдық, мейірімділік, өзгелерге жақсылық жасау секілді адами қасиеттерді ұзын-сонар әңгіме немесе ақыл айтып емес, әке өзінің іс-әрекетімен көрсетсе бала санасында мәңгі есте қалатынын жеткізді. Кездесуді филиал психологы «Әке қандай болу керек?»  деген кішірігім интерактивпен жалғасты.

Жиын соңында «Әкелер кеңесі» құрылып, төраға болып Төлеген Баялдинов сайланды.  

24.10.2023
#Павлодар
ӘКЕЛЕР КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ