#Қызылорда
АРАЛДЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗІЛДІ

Қызылорда облысындағы Арал ауданы әкімдігінің сұранысы негізінде арнайы шақыру бойынша кенттегі №220 орта мектептің, №62, 14 мектеп-лицейлерінің, аудандық көпсалалы колледжі, аудандық индустриалды-техникалық колледжінің және Сексеуіл кентіндегі №177, 231 орта мектептерінің оқушыларымен бала тәрбиесі, бала психологиясы тақырыптары бойынша кездесулер өткізілді.

Кездесулерде бірлестік психологы Сымбат Нұртазақызы қатысушыларға бірлестікті таныстыра отырып, орындалған нәтижелі жұмыстарға шолу жасап, миссия қоғамда саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру екенін айтып өтті.

Сонымен қатар оқушылар мен жасөспірімдер арасында тәуелділік, оның түп тамыры анамен эмоционалды байланыста екенін, жақындық немесе шектен тыс суықтықтың, созылмалы стресстің, мысалы кейінгі кездерде балалар арасында орын алып жүрген созылмалы буллингтің салдары кейін қоғамда лудоман адамды қалыптастыратынын айтты.

Онан соң сала мамандары арнайы сөз сөйлеп, өңірде тәжірибелерінде кездесіп отырған мәселелері, атқарған жұмыстары  жөніндегі ақпараттармен бөлісті.

28.11.2023
#Қызылорда
АРАЛДЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗІЛДІ