#Қызылорда
АУДАН ПСИХОЛОГТАРЫНА АРНАЛҒАН ВЕБИНАР ӨТКІЗІЛДІ

«Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу» тақырыбында Жаңақорған ауданының  психолог мамандарына арналған онлайн оқыту-вебинары өтті.

Вебинарды «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің психологы Жұмакүл Тасболатқызы жүргізді. Оқыту барысында қатысушыларға саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру, ата-ана мен бала қарым-қатынасы, бала психологиясы, психологиялық-педагогикалық дағдылар, суицидтің алдын алу туралы ақпараттар беріліп, тақырыптық топтық және жұптық тапсырмалар орындалды.

Қатысушылар оқытуға белсенді қатысып отырды. Әр тәжірибе сайын өздерінің пікірлерін ортаға салып, өздерінің балаларының бойында болып жатқан құбылыстар жайлы кеңестер сұрады. Әрбір қатысушы баламен қарым-қатынастың үлкен рөлге ие екенін, олармен әркез дұрыс байланыс орнату қажет екенін ұғынды.

 

20.11.2023
#Қызылорда
АУДАН ПСИХОЛОГТАРЫНА АРНАЛҒАН ВЕБИНАР ӨТКІЗІЛДІ