«Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының басшысы Шәкизат Қаратайұлы жергілікті «Qyzylorda» телеарнасының «Өмірдің өзі» бағдарламасында сұхбат берді.
Эфир барысында зорлық-зомбылықтың себептері бала тәрбиесінде кетіп жатқан кемшін тұстар екендігін өз сөзінде жеткізді. Себептері емес салдарымен күресу барлық отбасыларда кешегі жасырын, бүгінгі ашық болып жатқан трагедияға қоғамдағы әр адам тоқтам болу керектігін айтты.
«Бұл мәселені шешудің жалғыз жолы бүгінгі ұрпақты осындай трагедиялардың куәгері етпеу керектігін айтып, бала біздің сиқырлы айнамыз екендігін түсіндіру», - деді филиал басшысы.
Онан бөлек Шәкизат Қаратайұлы 2023 жылы атқарылған және жыл аяғына дейін жоспарланған жұмыстарға ерекше тоқталып, кішігірім талдау жұмыстарын жасады. Барлық көрермендерді және ата-аналарды біздің қатарды толықтыруға шақырды.